.

БЛАГОДАРНОСТЬ
В преддверии праздника Дня медицинских сестер хотим поблагодарить медсестру с. Зеленое Дарьинской больницы Менешеву Гульжан Наубатовну за добросовестное отношение к работе и к больным.
В любое время дня и ночи, в любую погоду, когда- бы не позвонишь она всегда приходит на помощь. Мы живем на пост ГАИ, 1,5 км от медпункта через речку. За это ей огромное спасибо и благодарность.
с/ благодарностью
Мартынцева Ольга Юрьевна, Полкунов Юрий Георгиевич



.

Добрый день Канат Дуйсенбаевич, прошу вас помочь моему папе 22.02.2018г. его доставили в Областной кардиологический центр с диагнозам прединфарктное состояние была проведена операция, поставили стенд, при выписке сказали нужно сделать еще 2 операции через месяц.
Во 2 поликлинике мы начали сдавать анализы что бы стать на портал, (со слов врачей нет финансирования и они не знают когда будет).Прошу вас помочь в этом сложном для нас вопросе Джексенов Алтай Сабитович 1961г.



.

Выражаю свою благодарность за оказанную медицинскую помощь всему медицинскому и младшему персоналу за теплую обстановку и отличное обслуживание пациентов реабилитационного центра в п.Жангала. Очень поразила обслуживание со стороны младшего персонала мед.работников. Спасибо огромное врачу Гумаровой Зауреш, за проявленную теплоту и профессиональную тактику. Спасибо, от вашего пациента Жумагалиевой П.Ж.



.

Здравствуйте! Просто хотелось бы Вам рассказать о моем случае. В начале января текущего года я записалась на ФГДС на 20 февраля, так вот самое интересное прихожу я в 5 поликлинику 20 февраля а врача нет, он на учебе. Мне было очень интересно что никто не предупредил и даже запись передвинуть не постарались, зато хамить они умеют. Я надеюсь что наш медицинский персонал все таки когда нибудь станет приветливым и вежливым!



.

Сәлеметсіз бе Қанат Дүйсенбайұлы! Мен осыған дейін ағымдағы жылдың 9-сәуірі күні сіздің ресми блогынызға қызым Мұрат Аяла Райымбекқызының көзі ісіп, учаскелік дәрігердің баланың денсаулығына салғырт қарап, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жедел жәрдем арқылы, 38,5 қызумен 3 рет барғанымызда бізді қабылдамай, «Талап» АҚ-ның дәрігерлерінің тарапынан берілген ем-домның әсер етпеуіне байланысты қызымның денсаулығы нашарлағанын жазған хатымның жалғасы деп білерсіз.
Анығын жазатын болсам, 4-сәуірден 5-сәуірге қараған түні қызым түнімен қызулап, 5-сәуір күні учаскелік дәрігер А.О.Какимованы шақырдым. Дәрігер сол күні түстен кейін сағат 15-00де келіп, тіс шығайын деп тұрғанын және тамағы аздап қызарғанын айтып, қызуын түсіретін дәрілер жазып кетті.
5-сәуір күні түстен кейін сағат 17-00 шамасында қызымның оң жақ беті, көзі ісіп бастады, тіс иегінің үстінгі бетінде, ортасында жасыл түсті ісік пайда болды, қызуы 38-ге көтеріліп, дереу кешкісін сағат 21-00-де жедел жәрдем шақырып облыстық көпбейінді балалар ауруханасына бардық. Ол жерде баланың тісінің шығуына байланысты және коньюктивит деген қорытынды жасап, бізді облыстық клиникалық ауруханаға жолдап, ол жерде бет-жақ дәрігері А.Урынгалиевке қаралдық. Ол дәрігер бізді балалар тіс дәрігері мен балалардың көз дәрігеріне қаратуға (осы ретте айтарым, облыстық клиникалық аурухана мен облыстық көпбейінді балалар ауруханасында баланың көзін емдейтін бір дәрігердің болмағаны ма?), антибиотик ішуге кеңес берді.
6-сәуір күні таңмен қызымның көзіндегі ісігі одан әрмен үлкейіп, мен учаскелік дәрігер А.О.Какимоваға звандадым. Ол поликлиникада көз дәрігерінің жоқ екендігін айтып, ақылы қаратуға кеңес берді. Сағат 9-00да «Талап» АҚ барып қаралып, жедел коньективит диагнозы қойылып, көзіне тамызатын дәрі беріп, сол күні тіс дәрігеріне қаралдық, дәрігердің қорытындысы: ісіктің тіс шығуына қатысы жоқ, қызыл иегінде травма бар. Тіс иегіндегі жасыл ісік жарылып, ол дәрігер шыққан іріңді фурцилинмен тазалап, үйден осылай сүртіп, жалғастыруды ұсынды.
Осы күні түстен кейін сағат 15-00де учаскелік медбике келіп, бірақ қызымның ұйықтап жатқанын көріп, өзімнен сұрады да, кетіп қалды. Қызымның көзінің ісігінің үлкейгенін көріп кетті, учаскелік дәрігерге айтты деп сенемін, бірақ ол дәрігер бір хабарласып қалымызды білмеді.
7-сәуір күні қызу қайта-қайта көтеріліп тұрғандықтан және көзіндегі ісік одан әрі үлкейген соң жедел жәрдем шақыртылып, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына тағы бардық. Кезекші дәрігер жедел коньюктивит екенін айтып, қайтып облыстық ауруханаға жіберді. Ол жерде офтольмолог қарап, айыра алмағасын, меңгеруші Төлеген Тілепұлын шақырды. Ол кісі екі көзінде де коньюктивит деп, үйден дәрі тамызуға кеңес берді. Үйге келген соң учаскелік дәрігерге өзім хабарласып, берілген антибиитик пен қызу түсіретін дәріні қатар беруге болады ма деп сұрадым.
8-сәуір күні берген емдерді қабылдап, ешқандай оң өзгеріс байқалмаған соң, жедел жәрдеммен барып тұрғанда кішкентай 8 айлық қызды еш жерде қабылдамай жатқан соң, Сізге жазуыма тура келді.
9-сәуір күні учаскелік дәрігерді шақырту үшін 6-шы емхананың тіркеу бөліміне хабарластым. Какимова сағат 10-00да медбикемен бірге келіп, сайтқа жазғаным туралы сұрақтар қойды (8 айлық бала ауырып жатқанда, дәрігерлердің бар ойы өзінің мәртебесін ойлап отырғаны өте орынсыз деп ойлаймын!). Дереу 6-шы емхана басшысына хабарласып, облыстық клиникалық аурухананың офтольмология бөліміне жатқызу керектігін айтты. Осы күні қызыммен офтольмология бөліміне жаттым. Ол жерде антибиотик екті, көзіне тамызды.
10-сәуір күні емдеуші дәрігер Әсел Мұхаметжанқызына қызымның таңдайының ісіп, ағарып тұрғанын көрсеттім. Ол бізді бет-жақ дәрігеріне апарып, таңдайынан цитология алып, оның қорытындысы бойынша «злокачественная фиброзная гистиоцитома» диагнозы қойылды. ЛОР қарап «Киста верхней правой челюсти» диагнозын қойды.
Осы күні кешкісін қызыма катетер қоюға және КТ жасауға көпбейінді балалар ауруханасына жіберді. КТ 2-рет жасалды, бірақ дұрыс жасалмаған соң, наркоз береміз деді. Наркозды жартылай беріп жатқанда компьютер істен шығып, наркозды айырып тастады. Қызымның қолынан, аяғынан катетер қоя алмағандықтан, қайта наркоз беріп, венасына орнатты (наркозды неше рет алғанымызды түсініп отырған шығарсыз!). КТ қорытындысы бойынша «этмоидит» болуы мүмкін деді. Қолымыздағы выпискада «абцесс орбиты, нижний блефарит, острый полисинусит, ринит справа» диагнозы көрсетіліп тұр.
11-сәуір күні консилиум жасалып, ісікті кеспеу керек деп шешті. Өйткені онколог дәрігер А.Г.Ермағамбетованың айтуы бойынша бұл диагноз («злокачественная фиброзная гистиоцитома») жағдайында кесуге болмайды екен.
12-сәуір күні бізді облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырып, 13.04.2018 күні МРТ түсіру керек болды. Алайды, баланың жағдайын көре тұра, берген диагнозды көре тұра, өзіміз барып, ақылы 12.04.2018 күні МРТ-ға түстік.
Осы күні күні бойы онколог дәрігердің босауын күтіп, түстен кейін сағат 17-00 де А.Г.Ермағамбетовамен сөйлестік. Ол кісіге өзіміздің 4-сәуірден бастап уақыт өткізіп жатырғанымызды, шара қолданбаса қызымыздың құжаттарын беруін талап еттік. Ол өз тарапынан құжатты бере алмайтындығын, Алматы қаласындағы ПжБХ ҒО-мен сөйлесіп жатқанын айтты. Біз диагнозды естіп отырып, уақыт өткізе алмайтындығымызды, не болса да жедел ем қабылдауымыз керектігін талап еттік. Астана қаласына жолдама сұрағанымызда, ол жақта мұндай диагнозды емдемейтіндігін айтты (қызық екен! Еліміздің бас қаласында, миллиондаған халқы бар мегополисте мұндай диагнозды қарамауы мүмкін емес). Сағат 18-00де бізге 13-сәуір күні Алматы қаласындағы ПжБХ ҒО-на порталмен қабылдайтындығын айтып, көңіліміз жайланғандай болды. Не болса да ертерек барып, аурудың алдын-алу, емді ертерек бастау үшін өзіміз ұшақ билетін өз қаржымызға сатып алдық. А.Г.Ермағамбетова Алматыға бару үшін менің және қызымның көптеген анализдер тапсыруымыз керектігін айтып, таңертенге дейін барлығы алынып, 16-сәуірге дейін электрондық поштамен жіберілетіндігін айтты.
13-сәуір күні таңмен 6-шы поликлиникаға барып, флюрографияға қайта түсуіме тура келді (2017 жылдың шілдесімен түскен едім, бірақ ол қағазда дұрыс көрінбейді деп қайта түсірді). Сағат 11-30да көңіліміз кішкене болса да жайланып, Алматы қаласына ұшып кеттік. Сағат 16-00де ПжБХ ҒО-на барсақ, олар бізді қабылдамайтындығын айтты. Себебі:
1) облыстың жіберген порталдағы мерзімі 16.04.2018 екен! Біздің Алматы қаласында баратын жеріміз де жоқ, бірінші рет барып тұрмыз. Ауырып, мазасызданып тұрған кішкентай қызбен далада қаламыз ба деген үрей болғанын жасырмаймын. Сонда облыс бізді ПжБХ ҒО-ғы қабылдамаса, білмейтін жерде 3-күн бойы нестейді деп ойлады екен? Бақытымызға орай балалар онкология бөлімінің меңгерушісіне әкесі екеуіміз кіріп, жағдайымызды түсіндіріп айтқан соң, қыздың жағдайын көрген соң, бізді жатқызды. Ол үшін ПжБХ ҒО балалар онкология бөлімінің меңгерушісіне алғыс айтамыз.
2) менің және қызымның анализдерінің толық болмауы (диагнозды 10-сәуір күні анықтай отыра, бізді басқа қалаға емдеуге жіберетінін біле тұра, сол анализдерді ең болмаса 11-сәуір күні ала беруге болмады ма? Сонда дәрігерлерге бәрібір болғаны ма?).
16-сәуір күні жіберілуі тиіс менің және қызымның жетіспеген анализ қорытындыларын 18-сәуір күні Алматы қаласында отырып, облыстық денсаулық басқармасына, сонымен қатар, балалар ауруханасына бірнеше рет звандау арқылы, талап ету арқылы алдық.
Онколог дәрігер А.Г.Ермағамбетова біздің ПжБХ ҒО-на барып, орналасуымызға жауапты адамдарың бірі деп білемін, барлық құжатты даярлап жүрген, анализдердің 16-сәуір күні болатындығын айтқан сол кісі. Бірақ ол біздің қоңырауымызға жауап бермей қалды.
Ғылыми орталықта 13-24 сәуір аралықта ем алдық. Бірнеше рет анализдер алынып, бірнеше рет наркоз беріліп, сүйек кемігінің 2 жағынан миелограмма жасалып, қызымның оң жақ көзінің астына ота жасалынып, цитология алынды. Облыстың қойған диагнозы расталмады (аллаға шүкір!). Дұрыс қойылмаған диагноз салдарынан көзіміздің астында кішкентай болса да тыртық қалатын болды. Ол тыртық бізге әрқашан дәрігерлердің салғырттығын есімізге салып отыратын болды.
Қазіргі кезде көзінің астында әлі де қызғылт түсті кішкентай ісікке ұқсас нәрсе бар. ПжБХ ҒО-да емдеген дәрігерлер, оның жайлап кететіндігін айтты. Сонымен қатар, үйімізге келгенде орталықтың берген выпискасында келесідей ұсыныстар берілді: тұрғылықты жері бойынша педиатордың және офтольмологтың бақылауында болу. Осы бойынша айта кететінім, барлық болған жағдайға қарамастан, қызымды қарауға педиатор 25-сәуір күні келіп кетті. Одан соң педиатордан еш хабар жоқ. Офтольмолог дәрігердің жоқ екенін осыған дейін айтқан болатынмын.
Отадан кейін жіпті шешу үшін облыстық клиникалық аурухананың офтольмология бөлімінің меңгерушісі Төлеген Тілепұлына 6-шы емхана арқылы қаралдық.
Қазіргі кезде ешқандай ем-шара алынбай отыр және ең болмаса учаскелік педиатор тарапынан бақылау жоқ.
Үйімізге келіп, есімізді жинап алған соң, балалар ауруханасы басшысының орынбасарына кіріп, болған жайттарға жауап беруін өтіндік. Ол өз кезегінде жазбаша басшыға жазуымызды сұрады. Біз жаздық. Жазылған хатқа келген жауапты көрсеңіз, өзіңіз күлер едіңіз. Жолдасымның хатта барлық берген сұрақтарын өзімізге қайтып жауап ретінде беріп отырғанын, хатта кеткен қателіктерді көргенде не күлерімізді, не жыларымызды білмедік.
Мені сізге қояр сұрағым өте көп. Соның бірнешеуін қойсам деймін.
Біріншіден: сондай қорқынышты диагноз қойған облыстың дәрігерлері неге қателесті екен? Сонда облыстың дәрігерлері соншама жаман диагнозы қандай анализге қарап қойды? Бұл жері бізге әлі жұмбақ. Диагнозды естігеннен бері моральдық – псиологиялық жағынан соққы алып, енді-енді өз-өзімізге келіп жатқандаймыз.
Біз ем алған жерімізде ол туралы сұрағанымызда, жауапты цитология алған дәрігерлерден сұраңыз деген болатын. Балалар аурухасынан келген жауап хатта түпкілікті диагноз қою үшін Алматы қаласына жолданды деп жазған. Сонда облысымыздағы цитология қорытындысын шығаратын лабаротория дәрігерлерінің кәсіби деңгейлерінің төмен болғаны ма? Төмен болмаса, 10 күн ішінде ғажайып болып сондай қорқынышты диагноздың жойылып кеткені ме? Әлі күнге дейін қорқыныш сезімі кетпей қойды? Кімнің қателескені сонда? Облыс дәрігерлері ме, әлде Алматы қаласындағы ПжБХ ҒО ма?
Екіншіден: Онколог дәрігер А.Г.Ермағамбетованың диагнозды сенімді түрде айтып, жолдасымның қызымызды басқа жерге өзіміз қаратамыз дегеніне таңқалып, мұндай диагнозбен сіздерді ешкім қарамайды деп айтуы медицина қызметкерінің кәсібилігіне жата ма?
Үшіншіден: біз офтольмолог дәрігердің бақылауында болуымыз қажет. Сонда еш жерде офтольмолог дәрігер болмаса, кімге қаралуымыз қажет?
Елбасымыз өзінің жыл сайынғы Жолдауында денсаулық сақтау саласын бірінші, басты орынға қойып, елімізде денсаулық сақтау саласының дамып келе жатқандығын сөзге тиек етеді. Біз осы жағдайдан кейін, облыстағы денсаулық сақтау саласында әлі де кемшіліктер бар екенін байқадық. Әлі де облыс дәрігерлерінің кейбіреуінің (көпке топырақ шашпай ақ қояйын) кәсіби деңгейілерінің төмендігі, медицина қызметкерлерінің мәртебесін төмен түсіріп жүргені қынжылтады. Жедел жәрдемді шақыртып алып, бірнеше сағат күтіп отыр, теріс қойылған диагноздар қаншама адамның өмірінің қиылуына әкеп соқты. Кішкентай 8 айлық баланың өміріне дәрігерлердің қатынасы осындай болса, еліміздің денсаулық сақтау саласының болашағы жоқ деп білемін!



.

Здравствуйте Канат Дуйсенбаевич у меня такой вопрос к вам, когда будут скпн оплачивать медицинскому персоналу работающие в государственных поликлиниках??? Уже с января месяца не плотят скпн за участок. Обещают говорят нету финансирования и не плотят. Уже прошло почти полгода как это возможно что полгода нету финансирования для врачей и медсестер. Т.е мы работаем все выполняем а нам за это не доплачивают. Тогда почему мы должны выполнять полностью свою работу. Хотелось бы узнать правду почем не плотят во всех поликлиниках и когда наконец то оплатит? И оплатит ли вообще.



.

Қанат Дүисенбаевич салеметсізбе.Менің мəселем неге жауапсыз қалды?2рет сіздің қабылдауыңызға кірдім.1қалалық емхана дəрігері Карисова Жаңғақ Хамидуллаевна неге менің диагнозымды əлі күнге дейін дұрыс толтырмай отыр.Сіздің денсаулық сақтау басқармасы біздің ешқандай қоңырауымызға жауап бермеиді.Əділдік қайда?Неге менің мəселем бей-жай қалуда?1айдан асты арызым əлі жауапсыз?!Дəрігерлер мені əбігерге сала бермей ,бұрмаламай өз ісін орындай ма əлде денсаулық сақтау министірлігінен көмек сұрауым керекпа?!



.

Уважаемые коллеги!!! Поздравляю вас с майскими праздниками и в преддверии дня медицинской сестры хотелось бы сказать несколько слов о медицинской сестре онкологии зко исабаевой гульнур нурилденовне. Я являюсь инвалидом второй группы, состою на учёте в онкологии и когда бы не обратилась к гульнур нурилденовне, она всегда внимательно и доброжелательно ответит на вопросы. В наше сложное время она несёт свое предназначение пациентам- милосердие!
Медицинская сестра первой категории, заслуженный работник культуры республики Татарстан, кавалер награды Ерен енбег!
уш!н
Амирова Эльмира Абдулкабировна



.

Добрый день,
Мой ребенок стоит на учёте – диагноз Гемофилия А, среднетяжелая степень (частые кровотечения).
Хотелось бы у Вас узнать:
1) На сегодняшний день, специалист какого учреждения ведет учёт и считает потребность препаратов фактора VIII? и кто отвечает за наличие данного лекарства?
2) По инвалидности, в 2016 году мой ребенок получил инвалидность, на 2 года, в справке указано, что она действительна до 30 июня 2018 года. На данный момент, мы прошли специалистов на переосвидетельство инвалидности и участковый врач готовит направление.
Можно узнать, действительно ли будет все анализы и направление в июне? Или же нас заставят снова проходить специалистов?
Либо можно уже в мае подать документы на переосвидетельство инвалидности?
Спасибо



.

Здравствуйте. Мне 32 года, я в положении, двойней. На учете стою в 4 поликлинике. В связи с тем, что у меня показатель гемоглобина низкий(90), меня направили на дневной стационар. Сегодня придя туда с направлением, столкнулась с тем, что лекарственных преппаратов нет. И мне ответили так: — У нас лекарств нет. И что если и возьмут на стационар, то только тех, у кого показатель ниже 80. У кого 90 и выше сами пусть повышают себе гемоглобин. Из всего этого у меня к Вам такой вопрос: такое может быть чтоб для беременных женщин не оказалось нужных лекарственных преппаратов? Раз меня направили на дневной стационар, там меня должны были принять. Почему для одних есть, а другие должны приобретать сами? Заранее спасибо за внимание.